07.09.2024, 11:07
Жаңалықтар
Тоқаев Бразилия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхат жолдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды