«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
Қазақстан чемпионы атану міндетін орындауды Игорь Леоновқа тапсырылды

«Ақтөбе» футбол командасының жаңа бас бапкері болып Игорь Леонов келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» ФК директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов команданың ойыншылары және бапкерлік құраммен кездесіп, жаңа бас бапкерді таныстырды.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ғ.Елеуов спорттың дамуына, оның ішінде футболға облыс басшылығы көп көңіл бөліп келе жатқанын алға тартып, бапкердің алдына бірқатар міндет қойды.
«Қазақстан чемпионы атану міндетін орындауды Игорь Леоновқа тапсырамыз. Оған қоса Кубокты жеңу міндеті де ұмыт қалмауға тиіс«, - деді Кеңес төрағасы.
Кездесуге «Ақтөбе» төрағасының орынбасары Юрий Логвиненко да қатысты.