05.09.2024, 08:52
Жаңалықтар
«Балаларды балағаттаған»: Қостанайда 72 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ
Фото: istockphoto.com
Қостанайда зейнеткерге қатысты ұсақ бұзақылық туралы істі мамандандырылған әкімшілік сот қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Alau.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облыстық сотының мәліметінше, 13 тамызда 72 жастағы ер адам қоғамдық орында кәмелетке толмағандарға қатысты балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.
Бұл жағдайда сотталушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәні толық мойындады.
Сот қаулысымен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК, 74 мыңға жуық айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Алайда ол үшін өндіріп алу сомасы 30%-ға төмендетілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды