«Айыппұл арқалады»: Қостанай облысында 8 жасар баланы ұрған өгей әке жазаланды
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Қостанай облысының Лисаков қалалық сотында 35 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 28 шілдеде сотталушы пәтерде 8 жасар балаға жұдырық жұмсағаны анықталған.
«Осылайша, сотталушы балаға физикалық және моральдық тұрғыдан қиындық көрсеткен. Прокурор сотталушыға 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 553 800 теңге айыппұл салуды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Жәбірленуші оны заң бойынша жазалауды сұрады», - деп хабарлады облыстық соттан.
Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 150 айлық есептік көрсеткіш, яғни 553 800 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.