15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме – ДСМ жауап берді

Azattyq Rýhy

Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме – ДСМ жауап берді
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіндігі туралы тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитеті Телеграм-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді», - делінген хабарламада.

ДСМ азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.