02.09.2024, 16:27
Жаңалықтар
Жаңбыр, найзағай, жел: 3 тәулікке арналған ауа райы болжамы
Республика бойынша желдің күшеюі болжануда
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі 3-5 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда.
«Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады. Сондай-ақ, күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8...+15 °С дейін, оңтүстігінде +20...+28 °С дейін», - деп хабарлады синоптиктер.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді