$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.05.2020, 13:46
Жаңалықтар

16 сәуірге дейін өтініш бергендер 42500 теңгені екінші рет ала алады

Ресми мәлімдеме

16 сәуірге дейін өтініш бергендер 42500 теңгені екінші рет ала алады

Төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ) кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) екінші төлемге оны тағайындауға ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Төтенше жағдай режимі ағымдағы жылғы 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жәрдемақы #42500 тг