01.09.2024, 22:20
Жаңалықтар
Бүгіннен бастап еліміздегі студенттердің шәкіртақысы өсті
Колледж студенттері үшін стипендия 50%-ға артты
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Бүгіннен бастап еліміздегі студенттердің шәкіртақысы өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 қыркүйектен бастап колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгеге, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгеге жетті.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар үшін 75 600 теңгеге дейін көбейді.
Интернатурада оқитындар енді 85 376 теңге, ал резидентурада оқитындар 123 122 теңге көлемінде шәкіртақы алады.
Магистранттар мен докторанттар үшін де стипендия көлемі артты (15%). Магистранттарға 107 061 теңге, докторанттарға 240 000 теңге төленеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
