01.09.2024, 04:00
Жаңалықтар
«Астана» мен «Челси» командалары арасындағы ойынның қашан өтетіні анықталды
Елордалық клуб өз алаңында үш команданы қабылдайды
Фото: chelseablues.ru
Елордалық «Астана» командасының 2024/25 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің ойын кестесі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін жеребе бойынша қазақстандық клубқа Англияның «Челси», Кипрдің АПОЭЛ және «Пафос», Португалияның «Витория» (Гимарайнш), Уэльстің «Нью-Сейнтс» және Сербияның ТСЦ командалары қарсылас атанғанын хабарлағанбыз.
Ойын кестесі бойынша, «Астана» командасы өз алаңында 3 қазанда ТСЦ, 28 қарашада «Витория», 12 желтоқсанда «Челси» командаларын қабылдайтын болды.
Ал 24 қазанда сырт алаңда «Нью-Сейнтс», 7 қарашада «Пафос», 19 желтоқсанда АПОЭЛ клубтарына қарсы ойнайды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты