Ағылшынның «Челси» командасы Қазақстанға келеді

Azattyq Rýhy

«Астана» мен «Челси» арасындағы матч 28 қарашада өтеді

Ағылшынның «Челси» командасы Қазақстанға келеді
Фото: chelseablues.ru

Монакода 2024-25 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның қорытындысы бойынша «Астана» «Челсимен»(өз алаңында), «Апоелмен» (сырт алаңда), «Виториямен»(өз алаңында), ТНС (сырт алаңда), ТСЦ (өз алаңында) және «Пафоспен» (сырт алаңда) ойнайды.

«Астана» мен «Челси» арасындағы матч 28 қарашада Қазақстанда өтеді. Өткізілетін орны әлі белгісіз, өйткені «Астана-Арена» стадионында жөндеу жүріп жатыр. Елордалық клуб барлық соңғы матчтарды Алматыда өткізді.

Жалпы кезеңдегі барлық матчтар бірыңғай лига жүйесінде өткізіледі, оған сәйкес әр клуб (барлығы 36) алты түрлі қарсыластарымен бір ойын өткізеді – үшеуін өз алаңында және үшеуін сыртта. Үздік сегіз команда 1/8 финалға тікелей шығады, тоғызыншыдан 24-ші орынға ие болған қатысушылар түйісу раундында ойнайды, оның жеңімпаздары да 1/8 финалға шығады. Әрі қарай турнир әдеттегі ереже бойынша өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.