31.08.2024, 12:04
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі», - делінген Ақорда хабарламасында.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
