31.08.2024, 09:05
Жаңалықтар
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті
Фото: gov.kz
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
