Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетініне байланысты ағымдағы жылдың 31 тамыз - 1 қыркүйек аралығвнда А. Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 31 тамыз - 4 қыркүйек аралығында А. Бөкейханов көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.