31.08.2024, 04:00
Жаңалықтар
Евровидение халықаралық ән байқауының қай қалада өтетіні анықталды
Байқауды өткізу күні 2025 жылдың 13, 15 және 17 мамырына белгіленді
Фото: eurovision.tv
«Евровидение-2025» халықаралық ән байқауының қай қалада өтетіні белгілі болды. Бұл туралы мәліметті Еуропалық хабар тарату одағы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Одақтың мәліметінше, келесі жылы белді музыкалық байқаулардың бірі Швейцарияның Базель қаласында өтеді.
«Өткізу орыны ретінде Санкт-Якобсхалл залы таңдалды, сондай-ақ байқауды өткізу күндері белгіленді: 2025 жылдың 13, 15 және 17 мамыры», - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін «Евровидение-2025» халықаралық ән байқауының өтетін орыны Швейцария болатыны белгілі болған. өйткені биылғы байқауда дәл осы елдің өкілі жеңіске жетті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы