Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға 29 тамыздан 30-ына қараған түні болды
Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде әйелдің көпқабатты үйден құлаған жерінен бейнежазба жарияланды. Кадрда жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, үйдің жанындағы аумақты сары лентамен қоршап алғанын көруге болады.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 29 тамыздан 30-ына қараған түні 33 шағын аудандағы үйлердің бірінде болған.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.