«Телефон шұқылап отырған шығар»: Астанада жүргізуші төрт көлікке барып соғылды

Azattyq Rýhy

Қалалық полиция департаменті оқиға 29 тамызда Тәуелсіздік-Панфилов қиылысында болғанын хабарлады

«Телефон шұқылап отырған шығар»: Астанада жүргізуші төрт көлікке барып соғылды
Фото: Видеодан скрин

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі көпірден төмен түсіп келе жатып, рульге ие бола алмай алдында тұрған төрт көлікке соқтығыств. Жүргізушілердің бірі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Қалалық полиция департаменті оқиға 29 тамызда Тәуелсіздік-Панфилов қиылысында болғанын хабарлады.

«Тойота автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік - Панфилов даңғылының қиылысында көпірден түсу кезінде рульге ие бола алмай, алдында тұрған төрт көлікке соқтығысқан. ЖКО салдарынан жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады ПД.

ЖКО бойынша тексеру жүргізілуде, деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Ал желі қолданушылары оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Телефон шұқылап отырған шығар», «Бастысы адамдар тірі болса болды», «Телефонның кесірі», – деп жазды желі қолданушылары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.