Ақтөбе облысының полицейлері құжаттары жоқ Ауғанстан азаматтарын анықтады

Azattyq Rýhy

Олар полиция департаментінің көші-қон қызметіне жеткізілді

Ақтөбе облысының полицейлері құжаттары жоқ Ауғанстан азаматтарын анықтады
Фото: Polisia.kz

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірге Самара — Шымкент тас жолында Қарабұтақ ауылының маңында шетелдіктер мінген үш көлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында Ауғанстан Республикасының 15 азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында жеті шетелдік азаматтың визасының мерзімі өтіп кеткені, ал бесеуінің жанында паспорттары жоқ екені белгілі болды.

Барлық шетелдіктердің жеке басын анықтап, барлық жағдайды тексеру үшін оларды полиция департаментінің көші-қон қызметіне жеткізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шетелдік азаматтардың 11-і елордадағы жоғары оқу орындарының студенттері болса, қалғандары елге жұмыс визасымен келген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.