26.08.2024, 17:45
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Дублиннен олжалы оралды
Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері өткізіледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар география бойынша халықаралық олимпиадада 4 медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олимпиада Ирландия астанасы Дублинде өтті. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.
Қазақстандық команда 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:
- Ақжол Болат – Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Жомарт Сабыр – Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Арсен Сыдықов – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Қанат Серікбай – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді – «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров – «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.
Айта кетерлігі, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)
24.08.2026, 07:47
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 24 тамызға ауа райы болжамы
24.08.2026, 10:26
Павлодарда жол апатынан кейін ер адам көлік салонында қысылып қалды