$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Иығы сынып, гипсте жүргенде де қайтпады»: Қайрат Нұртастың әйелі ұлының жетістігі туралы айтты

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, ұлы Нарұл ат спортына қатты қызығады

«Иығы сынып, гипсте жүргенде де қайтпады»: Қайрат Нұртастың әйелі ұлының жетістігі туралы айтты
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ортаншы ұлы Нарұлдың ат спортындағы жетістігі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, ұлы Нарұл ат спортына қатты қызығады.

«Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысады» демей ме?! Шабандозыма сәттілік тілеймін! Жанкүйерлердің орындығында емес, ат үстінде отырғандай қобалжып отырмын. Қаны – қазақ. Иығы сынып, гипсте жүргенде де қайтпады. Атқа отырмаса да, атының астын тазалап, жем-суын беріп жүрді», – деді актриса.

Актриса артынша ұлының жеңіске жеткенін хабарлады.

«Құттықтауларға рақмет! Болашаққа деген көңілдеріңізден айналдым. «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» деген мақтау қағазымен марапатталып, жеңіс тұғырынан көрінді», – деп жазды Қайрат Нұртастың әйелі.

Серіктес жаңалықтары