$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау»: Қабатовтың әйелі Абай Бегейдің қызына қатысты пікір білдірді

Әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмысқа шыққаны туралы осыған дейін хабарланған болатын

«16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау»: Қабатовтың әйелі Абай Бегейдің қызына қатысты пікір білдірді
Фото: Instagram/moldir.mt

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова 16 жаста тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді. Ол бойжеткендердің отау құруына қатысты ойын журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мөлдір Мұқанова өз сөзінде бұл мәселеде қыздарды мүлдем сынамайтынын айтты.

«Мен рұқсат етемін. Алайда 16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау. Дегенмен маңдайына жазылып тұрған болар. Қай жаста шықса да, мен тек бақыт тілеймін. Ешқандай артық сөз айтпаймын. Біз емес оны сырттан айтып талқылайтын. Ол солай болу керек болды. Ең бастысы, жастар бақытты болсын», - деді Мөлдір Мұқанова.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі үлкен қызының күйеуге шығуына қарсы емес екенін айтып өтті.

«Өз қызымның қазір тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Үлкен қызым – 20 жаста. Мен 20 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Сәуір айында 21-ге толады. Қарап отырсам, қызым әлі бала. Оның дене бетімі бойшаң, ірі болғанымен, ой-өрісі әлі бала. Оның кейде ойнап жүргенін көріп, «Сенің жасыңда тұрмысқа шыққанмын. 21 жасымда балалы болдым» десем, «Мама, мені асықтырмаңыз, қазіргі заман басқа» дейді. Балаларымның бақытты болғанын қалаймын», - деді ол.

Айта кетейік, әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмысқа шыққаны туралы осыған дейін хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары