$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында «синтетика» өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында «синтетика» өндіретін есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полицейлер «синтетика» өндіретін есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады.  Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды. 

«Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі «бром» улы зат екенін көрсетті», – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары