23.08.2024, 21:28
Жаңалықтар
«Жұмысқа кетіп, қайта оралмаған»: Оралда 48 жастағы ер адам жоғалып кетті
Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде
Фото: instagram.com/typicaluralsk
Орал қаласында 48 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр. Ол 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға 16 тамыз күні арызбен жүгінген.
Әйелдің айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.
«БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды