Қазақстанда бір жылда 78 ауыл жойылды
Бұл туралы Ұлттық статистикалық бюросы хабарлады
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 208 ауыл бар. Ұлттық статистикалық бюросының хабарлауынша, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, абай және Қарағанды облыстарында таратылды.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген. Сондай-ақ, елімізде 29 ауыл, 2165 ауылдық округ пен 6208 ауыл бар.
1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті. Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.
Елімізде әйел саны ер адамнан көп. Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.