18.08.2024, 10:15
Жаңалықтар
Кабинасы жұлынып кетті: Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Жол апаты 17 тамызда болды
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысының Алексеевка кентінің жанындағы көпірде екі ауыр жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі sinegor.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жантүршігерлік жол апаты 17 тамызда болды. Апат орнынан түсірілген кадрларда жүк көлігінің қатты зақымданғаны байқалады. Ауыр соққыдан жүк көлігінің кабинасы жұлынып кеткен.
«Апат салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
09.07.2026, 10:56
Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)
09.07.2026, 12:59
Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған