18.08.2024, 07:13
Жаңалықтар
«Семей орманы» резерватында 5 жерден шыққан өрт сөндірілді
Өрттің тұтануына найзағай себеп болған
Фото: depositphotos.com
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. Бұған дейін 15-16 тамызда 18 жерде өрт сөндірілген еді. Ал 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.
«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ұсынған хабарламада.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды