Абиба Әбужақыноваға тоқпен жүретін көлік VIP нөмірімен сыйға берілді

Azattyq Rýhy

Электркөлігі сол сияқты тағы бір дзюдошы Эсмигуль Куюловаға берілді

Абиба Әбужақыноваға тоқпен жүретін көлік VIP нөмірімен сыйға берілді
Фото: Instagram/abiba48

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған дзюдошы Абиба Әбужақыноваға Атырау облысында Zeekr көлігі сыйға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Электркөлігі сол сияқты тағы бір дзюдошы Эсмигуль Куюловаға берілді. Қос спортшыға Zeekr көлігін облыс әкімі Серік Шәпкенов табыстады.

Көліктің VIP нөмірінің құны – 840 мың теңге.

«Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рахмет. Атыраулық жанашыр-жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын!

Мейіржан Есмағамбетов бапкерім спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рахмет!

Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», - деп жазды Абиба Әбужақынова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Олимпиадада Абиба Әбужақынова 48 келіде сынға түсті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуаннан ұтылып қалған. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымда-ақ сүрінген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.