$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды

Бұл көшемен күніне 129 автобус жүреді

Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды
Фото: Астана әкімдігі

Астана да 16 тамыздан бастап Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.

«Bus Lane-тің негізгі мақсаты – жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді», - деп жазды қала әкімдігі.

Мәңгілік ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта № 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.

Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш.Айтматов көшесінде енгізілген.

Серіктес жаңалықтары