«Air Astana» мен «FlyArystan» әуекомпанияларына тексеріс жүргізіледі

Azattyq Rýhy

Ол үшін арнайы комиссия құрылды

«Air Astana» мен «FlyArystan» әуекомпанияларына тексеріс жүргізіледі
Фото: FlyArystan

Азаматтық авиация комитеті «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуекомпанияларына жолаушылар тарапынан шағымдардың көбеюіне байланысты тексеріс жүргізеді, де хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдар түскен.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды. Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.