Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жарияланды

Молдатай Сымбат

Петиция 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқысына ұсынылды

Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері елімізде онлайн кредит беруге тыйым салуды сұрап, петиция жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петиция авторларының пікірінше, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың мұндай түріне әлі дайын емес.

«Онлайн несиелердің оңай қолжетімділігі халықтың осал топтары арасында қарыз жүктемесінің өсуіне және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ашық айқын емес несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Қарыз шұңқырына түсуден бөлек, онлайн-несие алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарызды өтеу жолдарымен байланысты қылмыстардың көбеюіне алып келеді», - делінген хабарламада.

Петиция авторларының жазуынша, әскери қызмет жағдайында онлайн кредит мәжбүрлеу және қаржылық зорлық-зомбылық көрсету құралына айналған. Олар сонымен қатар микрокредиттер беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуді талап етті.

Петиция 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқысына ұсынылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.