$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 05:59
Жаңалықтар

«Тыныс» өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 15 есеге арттырады

Зауыт жылына 500 дана жиынтық өнім шығармақ

«Тыныс» өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 15 есеге арттырады

«Тыныс» зауыты («Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның еншілес кәсіпорны), коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігңнің баспасөз қызметі.

«2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін зауыт жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келгенін айта кету керек», - делінген хабарламад.

«Тыныс» өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз кәсіпорын.  «Көкшетау-4П» аппараты өзінің ман қырлы өызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.

«Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын  аппараттардың алғашқы партия еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді және 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге дайын тұр», - деп хабарлайды министрлік.

Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, «Tыныс» шығаратын негізгі өнімдер - бұл ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ, мұнай-газ, теміржол саласы және т.б. үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.

 

Серіктес жаңалықтары