13.08.2024, 09:16
Жаңалықтар
Колледждерде білім алуға 145 мың грант бөлінді
Гранттың 65% техникалық мамандықтарға бағытталған
Фото: depositphotos.com
Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп.
«Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады», - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Гранттың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай-ақ колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасуда. Ол бойынша жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)