$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 19:37
Жаңалықтар

Президент құқық қорғау органдары басшыларын жинады

Президент жиында ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайтынын айтқан

Президент құқық қорғау органдары басшыларын жинады
akorda.kz

Президент құқық қорғау органдарына тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі

«Президент Әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды», - дейді хабарламада.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өткен.

Президент жиында ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайтынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары