$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қарызы барларды түгел кештім»: әнші Қайрат Нұртастың анасы марқұм әкесін еске алды

Продюсер өз сөзінде ата-анасының қандай адам болғаны туралы ойымен бөлісті

«Қарызы барларды түгел кештім»: әнші Қайрат Нұртастың анасы марқұм әкесін еске алды
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер өз сөзінде ата-анасының қандай адам болғаны туралы ойымен бөлісті.

«Бүгін әкешім Дәрібайұлы Үсеннің өмірден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін.

Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, «Менен қарыз алғандар көп. Бірақ мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім» деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, «Қарыз алған адамдардан сұрайық» дегенде «Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма» дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті», - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Серіктес жаңалықтары