05.08.2024, 12:03
Жаңалықтар
Ресейліктер үшін ТОП-3 танымал елдің бірі – Қазақстан
Сапардың көпшілігі іскерлік мақсатта орындалған
Фото: istockphoto.com
Қазақстан ресейліктер үшін ТОП-3 танымал ел қатарында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
РБК бұл туралы Ресей Федерациясының шекара қызметіне сілтеме жасап жазды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ресейліктер Қазақстанға 1 млн 235,2 мың рет келген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз, дегенмен Қазақстан Ресей азаматтары арасында ең танымал 3 бағыттың қатарына енген.
Сапардың көпшілігі іскерлік мақсатта орындалған.
Ал ресейліктер көп барған ел – Түркия, одан кейін Абхазия. Үшінші орында – Қазақстан.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады