$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2020, 18:57
Жаңалықтар

Түркістан облысындағы қырыққабатты Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктері сатып алатын болды

Шаруаларға қосымша 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды

Түркістан облысындағы қырыққабатты Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктері сатып алатын болды

Үкімет өңір әкімдіктеріне Түркістан облысындағы қырыққабаттарды жаппай сатып алуға тапсырма берді.Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен Түркістан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті,-деп хабарлайы АШМ баспасөз қызметі.

«Отырыстың қорытындысы бойынша Үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге көктемгі екінші егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен қаражатты Түркістан облысының фермерлерінен ерте пісетін қырыққабат сатып алуға жұмсауы тапсырылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Әлем аштықты талқылап жатыр, біз дайын орамжапырақты ұқсата алмай отырмыз – Дариға Назарбаева

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысында 10-сәуірде басталған ерте пісетін қырыққабатты жинау науқаны мамыр бойы жалғасады. Фермерлер егістен 300 мың тонна көлемінде өнім алуды жоспарлап отыр.

Таныса отырыңызОнлайн-тартыс. Шөкеев пен Омаров бидай мен қырыққабат үшін келіспей қалды

Төтенше жағдай кезеңінде ауылшаруашылық тауар өндірушілер өз өнімдерін өткізуде бірқатар проблемаларға тап болды. Олар қырыққабат өнімдерін ТМД елдеріне жөнелтеміз деп жоспарлады. Алайда, дүкендер мен базарлардың жабылуына байланысты, аталмыш өнімге деген сұраныс азайды. Осыған орай, Премьер-министр Асқар Мамин зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары