Алдағы күндері кей облыстарда -6 градусқа дейін суытады
3-5 мамырға арналған ауа райы болжамы
3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Нұр-Сұлтанда күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Көкшетауда 3 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %,»,- делінген хабарламада.
Түнде 3 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.
4 мамырда Ақтобе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
«4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді»,- деп болжайды синоптиктер.
4 мамырда Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін томендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.
5 мамырда Шығыс-Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.
Нұр-Султанда түнде 4 мамырда жауаын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін томендейді.