01.08.2024, 11:01
Жаңалықтар
Бүгіннен бастап Астанада қоғамдық көлік ақысы – 110 теңге
Кей санаттар бойынша азаматтар жеңілдікке ие
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлік ақысы 110 теңге тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды», - деп мәлім еткен еді Астана әкімдігі.
Айта кетерлігі, қалалық маршруттарда жол жүру құны 90 теңге деп 10 жыл бұрын қыркүйекте белгіленді.
18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету шарт.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
- жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- көпбалалы аналар;
- көпбалалы отбасылар;
- мүгедектер;
- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
- «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
24.11.2024, 10:53
Жаңа жыл қарсаңында орман қорғау шаралары күшейтілді
25.11.2024, 16:37
Қазақстанда көлік жүргізу куәлігінен айырылғандар саны күрт артты
24.11.2024, 06:18
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
22.11.2024, 17:25
Қазақстан Украинаға арнайы ұшқыштар жібере ме – СІМ мәлімдемесі