$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күкірт зауытындағы өрт: Шымкентте 10 адамды күйік шалды

Дәрігерлер тексергеннен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды

Күкірт зауытындағы өрт: Шымкентте 10 адамды күйік шалды
Фото: instagram.com/ shymkent_tjd

Шымкентте индустриялық аймақтағы өрттен қанша адам зардап шеккені анықталды. Қалалық ТЖД төтенше жағдайдың мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметінше, «Ордабасы» индустриялық аймағында «KMG Supple Company» ЖШС аумағындағы ашық жерде техникалық газ қабыршақты күкірт жанған. Жалпы өрт алаңы 1200 шаршы метрді құраған және оқиға орнында «Daewoo Jentra» маркалы жеңіл автокөлігі өртенген.

«Өрт орнынан күйік және улану белгілері бар 10 адам (1 күйік, 9 улану) медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде дәрігерлер тексергеннен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды, қалған 8 адам жағдайы қалыпты болуына байланысты үйіне қайтарылды.

Сөндіру жұмыстары күкірттің тотығуының химиялық реакциясымен қиындады. Өрт сөндірушілермен инертті материалдарды (құммен) себу және газсыздандыру жүргізілді. Көмек көрсету үшін Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары көмекке келді.

Өрт орнында және ТЖД-да жедел сөндіру штабтары құрылып, жұмыс жүргізілді. ТЖ орнында Шымкент қаласының әкімі және ТЖД бастығы болды. Полиция қызметкерлері ықтимал зақымдану аймағына қоршау жүргізді. Өрт орнында СЭС қызметкерлері сынама алды, ресми қорытынды күтілуде», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, эақын маңдағы тұрғын үйлерден Шаңырақ ш/а(барлығы 412 Үй, 2472 адам тұрады) эвакуация пунктіне 443 адам эвакуацияланды, оның ішінде 233 бала (барлығы 23:20-да үйлеріне және туыстарына кетті).

Жергілікті жерде қала әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс жасады. Пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэровизуалды тексеру жүргізілді.

«Өрт 28 шілде 00:36-да оқшауланды және 05:01-де жойылды.

Өрт орнында Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы мен құралдары, Апаттар медицина орталығы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Түркістан облысы ТЖД, Қазселденқорғау, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы орган күштері мен құралдары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ , Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, медицина қызметкерлері жұмыс жасады», - деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Серіктес жаңалықтары