$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жылап, еңіреп жүріп күресетін»: Сметовтің алғашқы бапкері шәкіртінің бала күні туралы айтты

Елдос Сметов дзюдодан Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды

«Жылап, еңіреп жүріп күресетін»: Сметовтің алғашқы бапкері шәкіртінің бала күні туралы айтты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің де, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің де ұстазы болған Ахмет Жұмағұл шәкірттеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ахмет Жұмағұлдың пікірі Qazaqstan телеарнасының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

«5 жасында келді. Бір жылдан кейін жаттығу жасап жүргенде өжеттігі, қайтпас қайсарлығы бар екенін байқадым. Жеңіліп қалса, жылап, еңіреп жүріп күресетін. Сол бір жылдан кейін жарысқа алып барып едім, жеңіп шықты. Содан әрі қарай кете берді.

Менің қолымда 10 жылдай болды, одан кейін интернатқа жібердік. Сол жерде жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев ағасының қасында болды. Ғалымжан да менің шәкіртім. 3-сыныптан бастап маған қатысқан. Ол да Қазақстанды, әлемді (чемпионаты) ұтты, Еуропа мен Азияны екі рет ұтты.

Құтты болсын дейміз, күллі қазақ елі алтынға қуанып жатырмыз. Күмісі бар, қоласы бар, «бір алтын жетпей тұр» деп айтушы еді. Сол арманына жетті, мінеки. Балама рақмет айтамын, қазір мені «ата» дейді», - деді ол.

Айта кетейік, кеше Елдос Сметов дзюдодан Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары