28.07.2024, 13:02
Жаңалықтар
«Елдің сенімін ақтады»: Елдос Сметовтің ата-анасы пікір білдірді
Тоқтагүл Сметова Елдостың әрбір кездесуін теледидар арқылы тамашалай алмайтынын айтты
Фото: Видеодан скрин
Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің ата-анасы баласының жеңісі туралы ой білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта финалда франциялық Лука Мхеидзеден басым түсті.
«Қолдау көрсеткен қазақстандық азаматтарға ризашылық білдіреміз. Оған барлық тілеулес жұрт, бапкерлері үлкен сенім артты. Елдің сенімін ақтады», – деді әкесі Бақтыбай Сметов.
Өз кезегінде анасы Тоқтагүл Сметова Елдостың әрбір кездесуін теледидар арқылы тамашалай алмайтынын айтады.
«Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін. Белдесу өтетін бес минут мен үшін ұзаққа созылады. Көк туымызды көкке көтеруіне қашан да тілекші болдым», – дейді ол.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды