Қостанай облысындағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады
Белозерка ауылы белгісіз дүмпулердің эпицентрі болып саналады

ҚР ТЖМ 27 шілдеде Қостанай облысында болған жер сілкінісі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік Ядролық физика институтының ақпаратына сәйкес, Қостанай ауданында орналасқан Белозерка ауылы белгісіз дүмпулердің эпицентрі болып саналатынын хабарлады.
«Мән-жайларды анықтау барысында өңірдің ТЖ басқармасының қызметкерлері ауылға мән-жайларды анықтау үшін арнайы топ жіберді. Ауылда белгісіз сипаттағы дүмпулер тіркелмегені анықталды», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖ басқармасы.
Сондай-ақ, ҚР ТЖМ елдімекен тұрғындарына сауалнама жүргізу кезінде олар дүмпулерді сезінбегенін атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.