27.07.2024, 12:16
Жаңалықтар
ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған күдікті қолға түсті
Қазір тергеу жүріп жатыр
Фото: freepik.com
Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Комитеттің хабарлауынша, ұсталған адам жасырын топтың құрамында ТМД елдерінің бірінде террористік актіні ұйымдастыруға дайындалды деп күдіктенеді.
«Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет етті. Оны халықаралық террорлық ұйымның бірінің эмиссарлары үйлестірді. Қылмыс жасамас бұрын Н.Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берді», – делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, арнайы қызметтермен халықаралық террористік ұйымның басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды