$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды

Төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды. Төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Қаза болған Адамчук Дмитро балқыту цехының механигі, ал Төлеген Жетпісбаев бас механик қызметінің шебері болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары