Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
25 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарында, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысында, Жетісу облысының орталығында күн ысиды.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстанның орталығында, Қарағандының солтүстік-батысында, солтүстік-батысында, Жамбылдың оңтүстік-шығысында, батысында, Алматының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақтөбеде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында және шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аймақтарында, Қызылорданың оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.