Израиль Йеменнің Ходейда портына шабуыл жасады
Израиль Қызыл теңіздегі Ходейда портына шабуыл жасады
Израиль хусит қозғалысының бақылауындағы Йеменнің Ходейда портына шабуыл жасады. Израиль премьер-министрі әуе шабуылдарын Тель-Авивке жасалған шабуылға тікелей жауап деп атады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
IDF мәлімдемесінде хуситтердің «тоғыз ай үздіксіз әуе шабуылдарынан кейін» израильдік F-15 жойғыш ұшақтары Қызыл теңіздегі Ходейда порты маңындағы әскери нысандарға 1800 шақырымнан астам қашықтықтан жаппай соққы берді.
Сана аймағындағы хуситтер бақылайтын үкімет Израильдің теңіз жағасындағы мұнай қоймаларына, сондай-ақ электр станциясына соққы бергенін айтты. Хуситтермен байланысы бар ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққыдан үш адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланған.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху израильдіктерге арнаған телевизиялық үндеуінде былай деді:
«Біз шабуылдаған порт әскери мақсатта қолданылған және Иран тарапынан хуситтерге жеткізілген қару-жарақтарды тасымалдау нүктесі ретінде қызмет еткен.
Бұл шабуыл Израиль азаматын өлтіріп, басқа азаматтарды жарақаттаған ұшқышсыз ұшақтың соққысына тікелей жауап болды», - деді Нетаньяху.
Бір күн бұрын хуситтер Тель-Авивте көлікке жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Жарылыс салдарынан Беларусьтен жақында келген 50 жастағы бір азамат қаза тауып, тағы сегіз адам жараланды.