Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения тарапы оқ жаудырғанын хабарлады

Azattyq Rýhy

Армения бұл ақпаратты жоққа шығарды

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения тарапы оқ жаудырғанын хабарлады
Фото: media.az

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения тарапынан оқ атылғаны туралы мәлімдеді. Ал Арменияның қорғаныс ведомствосы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 20 шілдеде Кельбаджардағы әзербайжандық позицияларға Армения тарапынан оқ атылды.

«20 шілдеде сағат 22:10 шамасында Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Кельбаджар ауданының Истису елді мекеніне қарай орналасқан позицияларынан Әзербайжан армиясының позицияларына оқ жаудырды. Аталған бағытта біздің ведомстволар жауап шараларын қабылдады», - делінген Әзербайжан қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

Сонымен қатар, Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан тарапы жалған ақпарат таратты деп мәлімдеді.

«Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің 20 шілдеде сағат 22:10-да Армения Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері шекараның шығыс бөлігінде орналасқан Әзербайжан позицияларына оқ жаудырды деген хабарламасы шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады Арменияның қорғаныс министрлігі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.