$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Австрия мигранттарды жұмыс істеуге міндеттейді

Босқындар қайырымдылық міндеттерін орындауы керек, әйтпесе жәрдемақыларынан айырылады

Австрия мигранттарды жұмыс істеуге міндеттейді
Фото: Lisa Leutner/Copyright 2022 The AP. All rights reserved

Австрияның Ішкі істер министрлігі босқындар үшін жаңа ережелерді енгізетінін жариялады. Енді мигранттар мемлекеттік және жергілікті билік өкілдіктерінде, шағын кәсіпорындарда, медициналық және әлеуметтік мекемелерде қайырымдылық жұмыстарын орындауға міндетті болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Үкімет осылайша босқындардың өмірін реттеп, оларға австриялық мәдениет, әлеуметтік ережелер мен дәстүрлер туралы нақты түсінік беруді көздеп отыр. Бұл құндылықтарды келгендерге міндетті сабақтарда да үйретеді.

Осындай міндеттерді орындаудан жалтарғандарға жәрдемақылар екі есе қысқартылады.

Ішкі істер министрлігі соңғы бірнеше жылда мигранттарды қабылдау шараларын қатаңдату Австрияның әлеуметтік құрылымдарына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Ішкі істер министрінің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында елдің шығысына, Венгрия шекарасы арқылы, 300-ден астам мигрант келген, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 10 мың болған.

Серіктес жаңалықтары