Мамырдың соңында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 5 мыңнан асады – болжам
Бұл болжамды еліміздің бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетова айтты
Мамырдың соңына дейін Қазақстанда COVID-2019 вирусын жұқтырғандан сары 5300 адамға жетуі мүмкін. Өйткені, шекара маңындағы аймақтарда науқастар саны күн санап өсіп жатыр деді Есмағамбетова.
«Сәуірдің дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 500 адамнан асады деген болжам бар. Ал мамырдың аяғына дейін олардың саны 5 300-дей болады», - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.
Осылайша, ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы болжамын өзгертті. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 4000 адамға жуықтайды деп болжам жасаған еді. Ал мамырдың соңындағы аурудың шарықтау шегіндегі адам санының ұлғаюы – шекара маңындағы жағдай. Соңғы екі аптада шекара маңындағы аймақтарда көрші елдерден келген 200 қазақстандықтан коронавирус анықталған.
«Мұның барлығы сыртқы қауіп бар екенін көрсетіп отыр. Соның негізінде біз болжамды өзгерттік», - деп атап көрсетті Есмағамбетова.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында шекара маңындағы Ресейден келген адамдардан коронавирус көп анықталды. Қазақстандықтардың басым көпшілігі Мәскеуден келген.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан