14.07.2024, 13:38
Жаңалықтар
Кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті қамауға алынды
Ол екі ай мерзімге қамауға алынды
Фото: depositphotos.com
Атырау облысында 17 жастағы жігіт ауыл тұрғынымен жанжалдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға осы жылдың 4 шілдесінде Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында болды. Бозбала ауыр соққылар алған.
Бұл факт бойынша полиция «абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша күдіктінің әрекеттері «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қаралып, қамауға алынды.
«13 шілдеде сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда», – деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)