14.07.2024, 11:10
Жаңалықтар
Астанада Қараөткел көпірі жөндеу жұмысына байланысты бір айға жабылады
Көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жөндеу жұмысына байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)